Қазақстан мұнайының 97% Ресей порттары арқылы экспортталады – Энергетика министрлігі

Жарияланды
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан 28,75 млн тонна мұнай экспорттаған

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан 28,75 млн тонна мұнай экспорттаған. Оның 27,814 млн тоннасы немесе 97%-ы Ресейдің теңіз порттары арқылы сыртқа шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі редакцияның ресми сауалына жолдаған жауабында айтты.

«Мұнай мен газдың аналитикалық орталығы» АҚ-ның дерегі бойынша 2021 жылы Каспий құбыр консорциумы арқылы 53,1 млн тонна Қазақстан мұнайы экспортталған. Ал 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында КҚК арқылы 23,76 млн тонна Қазақстан мұнайы экспортталды», – деп жазылған жауапта.

Ведомство берген дерекке сүйенсек, жылдың алғашқы 5 айында Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан басқа ресейлік теңіз порттары 4 млн тоннадан астам мұнай экспорттаған.

«Мұнай мен газдың аналитикалық орталығы» АҚ-ның мәліметі бойынша 2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 28,75 млн тонна мұнай экспортталды. Оның ішінде 27,814 млн тонна мұнай (экспортқа шығарылған мұнайдың шамамен 97%-ы) Ресейдің теңіз порттары арқылы сыртқа жөнелтілді», – деп жазады министрлік мамандары.

Сондай-ақ оқыңыз