Жол битумы сапасының отандық стандарты дайындалды
Жол битумы сапасының отандық стандарты дайындалды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында маңызды элементтің бірі – жол битумы. Оның сапасы мен қоспа материалдарының құрамы үлкен рөл атқарады.
Бұдан бұрын битум отандық мұнай өңдеу зауыттарында Кеңес Одағы кезіндегі мемлекеттік стандартқа сәйкес өндірілетін. Ал бүгінде битум қазақстандық талап бойынша шығарылады. Бұл стандарт – әлемдік үздік тәжірибелерді негізге ала отырып дайындалған. Ол жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын битумның сапасына жаңа талаптарды енгізіп, оның құрамын жетілдіреді. Өз кезегінде тың тәсілмен өндірілетін битум жол жабындысының беріктік қасиетін ұзақ уақытқа сақтайды.
Осыған орай отандық зауыттар құрал-жабдықтарын жаңартып, битум өндірісін заманауи стандарттарға жауап беретіндей жаңғыртуы тиіс.