АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы – Office of Foreign Assets Control (OFAC) 11 шілдеде шығарған лицензияға сәйкес, «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 12 шілдеден бастап 2022 жылғы 11 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлайды.
Бұл көрсетілген кезең ішінде Қазақстан Сбербанкі штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастыратынын білдіреді. Бұл Банктің клиенттеріне қандай да бір шектеулерсіз төлемдермен және аударымдармен операциялар қолжетімді болады.
2022 жылғы 6 сәуірде ресейлік «Сбербанк России» ЖАҚ пен оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізуді көздейтін бұғаттаушы санкциялардың енгізілгені туралы OFAC лицензиясы шығарылғанын еске сала кетейік, оған сәйкес аталған ұйымдармен операциялар 2022 жылғы 12 шілдеге дейін аяқталуға тиіс еді.
Сбербанк салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақшалай қаражатты қабылдау мен беруді қоса алғанда, клиенттер алдында өз міндеттемелерін уақтылы орындайды.