Жаңалықтар

Ұлытау облысының 2022 жылғы бюджеті 35 млрд теңгені құрайды

Ол Қарағанды ​​облысының бюджетін бөлу арқылы қалыптастырылады

Ұлытау облысының 2022 жылға арналған бюджеті 35,5 млрд теңге деңгейінде бекітіледі деп жоспарланған. Ашық НҚА интернет-ресурсында мәслихат шешімі жобасын қоғамдық талқылау аяқталды.

Жобада Ұлытау облысының бюджеті Қарағанды ​​облысының бюджетін бөлу арқылы қалыптастырылатын жазылған. Қарағады облысының бюджеті, нақтылауларды ескере отырып, 533,6 млрд теңгені құрайды. Осылайша, жаңадан құрылған 227 мың тұрғыны бар облысқа бұл бюджетің тек 7 пайызы тимек. Ұлытау облысы бюджеті жалпы түсімдерінің 61%-ын 21,7 млрд теңге көлеміндегі меншікті кірістер (салық түсімдері – 19,9 млрд теңге, салықтық емес түсімдер – 1,8 млрд теңге) қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл ретте бюджет шығыны 34,6 млрд теңге деңгейінде қалыптаспақ, бұл 0,9 млрд теңгенің профицитіне әкеледі. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, ол несие бойынша негізгі қарызды өтеуге жұмсалады.

Бюджет қаражатының негізгі бөлігін – 20,9 млрд теңгені әлеуметтік салаға (оның ішінде 16,5 млрд теңге – әлеуметтік көмек пен білім беруге) жұмсау жоспарланған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарына 4 млрд теңге инвестиция салынады. Шығындар құрылымында несиені өтеу 2% немесе 0,8 млрд теңгені құрайды

Айта кетейік, 2022 жылдың 8 маусымында Президент жарлығымен Ұлытау облысы құрылған болатын. 2022 жылдың 11 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың 27 маусымында Ұлытау облысының әкімдігі құрылды. Барлығы 18 департамент құрылып, олардың 251 штаты бекітілді.