«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметтері, соның ішінде жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да жеңілдей түсті.
Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚО-ларда көрсетілетін болады. Азаматтар өздерінің барлық өтінішін бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыста болмауы жаңалық болып отыр. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.
Жерді рәсімдеу бойынша Алматы қаласында ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және т.б.қызметтер», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚО көрсетеді
Алматы қаласында коммерциялық қызметтерді төмендегі мекенжайларда орналасқан ХҚО-ларда алуға болады:
- Алматы қаласы, Алатау ауданы Нұркент ш.а, 5 к16-19
- Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Богенбай батыр к–сі, 221
- Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жандосов к–сі, 51А
- Алматы қаласы, Бостандык ауданы, Алмагүл ш.а,, Қожанов к–сі, 9А
- Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Серіков к–сі, 6 А
- Алматы қаласы, Медеу ауданы, Марков к–сі, 44
- Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла ш.а, 347/1
- Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Р. Зорге к–сі, 9