Енді қазақстандық eGov mobile мобилді қосымшасы арқылы алаяқтарды аңдып отыруға болады. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның хабарлауынша, елімізде жыл сайын мыңдаған ақпараттық жүйе кибералаяқтардың құрбаны болып жатыр. Енді қандай деректер хакерлер мен алаяқтардың қолында екеніндігі жайлы eGov Mobile мобильді қосымшасының көмегімен қадағалауға болады.
Алаяқтарды аңдисыз
«Қазіргі уақытта ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Зерде» Холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, еліміздің азаматтарына eGov Mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр. EGov Mobile мобильді қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келетін болады. Іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр. Барлық азаматтар хакерлік топтар, алаяқтар немесе бәсекелестердің жеке деректерді қандай оймен қолданатынын біле бермейді. Біздің мақсатымыз – пайдаланушыларды ықтимал жағымсыз салдардан барынша қауіпсіздендіру және қойылған міндетті бірлесіп шешу үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы олардың құпия сөздері мен деректерінің жария етілуі туралы хабарлар ету және ескеру» дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Айта кету керек, 2021 жылы «ҰАТ» АҚ қызметтер мен қоcымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы – Bug Bounty-ға қосылды. Аталған қауіпсіздік бағдарламасы аясында әлемнің 10 елінен жиналған 50-ден астам маман біздің электронды үкіметтің осал тұстарын анықтаған. Тиісінше, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары ол әлсіз тұстарды ретке келтірген.
Деректерді өзіңіз өзгерте аласыз
Сонымен қатар отбасы туралы мәліметтерді түзеу қызметі де азаматтар үшін қолжетімді болды.
Қазақстандықтар eGov Mobile мобильдік қосымшасында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру кезінде құжаттардағы мәліметтерді түзете алады. Жаңа қызмет – туу, неке тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді өзектендіруге мүмкіндік береді.
Азаматтық хал актілерінің іс-қимылдары жөніндегі аталған мәліметтердің цифрландырылуы және АХАЖ ақпараттық жүйесінде болуы үшін құжаттардың сканерленген көшірмелерін eGov Mobile қосымшасы арқылы жіберу жеткілікті. Мысалы, балалардың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде бала туралы деректер (тегі, аты, әкесінің аты, ұлты, туған күні, анасы мен әкесі туралы деректер) ұсынылған бөлімдерде жазба дұрыс көрсетілмеген жағдайда, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, мәліметтерді жаңартуға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, ұқсас сервис eGov.kz порталында да қолжетімді.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап 83 мыңнан астам адам өз деректерін өзектендірген.
«Қазақстандықтарда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін. Мәселен, бала көрсетілмейді немесе, керісінше, бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ eGov.kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис eGov Mobile мобильді қосымшасында да қолжетімді» деп атап өтті Ростислав Коняшкин.
Аталмыш функцияларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
- Қызметтер қойындысын ашу;
- Қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» – АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
- Акт жазбасының түрін таңдау;
- «Іздеу» түймесін басу;
- Егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
әрі қарай қызметке қол қою керек.
Қызмет көрсету нәтижесі – мәртебелік бетте орналасқан АХАЖ ақпараттық жүйесінің мәліметтерін өзектендіру туралы ақпарат.
Айта кетейік, бұл жаңартулар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылған. Жарлықтың негізгі мәні – цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжинирингі.
ЭЦҚ-ны смартфон арқылы аласыз
Сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы ЭЦҚ-ны қашықтан алу қызметі ендігі кезекте мобилді құрылғының камерасы арқылы да іске асырыла береді.
2022 жылдың 23 сәуірінен бері ЭЦҚ алу кезінде пайдаланылатын eGov.kz порталындағы Digital ID видеотексерісі мобилді құрылғы арқылы да жүзеге асырыла беретін болды. Бұрын тек ол үшін компьютер камерасы ғана жарамды еді. Осылайша, азаматтардың ЭЦҚ кілтін алуы бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы бола түсті. Digital ID – видеотексеріс сервисі пайдаланушының QR-код көмегімен ЭЦҚ кілтін алуы үшін мобилді телефон арқылы идентификация процедурасынан өтуіне жағдай жасайды. Бұл жаңартылған сервис жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де қолжетімді.