Жаңалықтар

Еуропалық Одақтың Ready4Trade жобасы Қазақстанда сауда порталын іске қосты

Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын жəне Халықаралық сауда орталығы іске асыратын Ready4Trade Орталық Азия жобасы халықаралық сауданы жүргізуге кететін уақыт пен шығындарды қысқарту үшін Қазақстанның сауда порталын іске қосты.

Портал қажетті құжаттарды, нысандарды жəне қолданылатын ережелер мен рəсімдерді қоса алғанда, барлық импорттық, экспорттық жəне транзиттік рəсімдердің толық сипаттамасын ұсынады. Ол аграрлық азық-түлік секторына баса назар аудара отырып, шекара арқылы сатылатын 50-ден астам тауарларды қамтиды.

2020 жылдың тамыз айынан бастап QazTrade Ready4Trade жобасының институционалдық серіктесі жəне Қазақстанның сауда порталын əзірлеу жəне іске қосу бойынша барлық жұмыстың үйлестірушісі болып табылады. Аталмыш сауда порталы ҚР Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірге бірлесіп жүзеге асырылды. Жоба басталғалы теңіз көлігімен тасымалдауды ұлғайтуға қызығушылықты арттырудың және Каспий теңізіндегі порттардың әлеуетін кеңейтудің өзектілігін ескере отырып, алғаш рет теңіз порттарының импорттық және экспорттық операцияларының бизнес-процестерін кезең-кезеңімен құжаттау жүргізілді.

Саудаға жəрдемдесу жөніндегі порталдың бұл түрі микро, шағын жəне орта кəсіпорындардың шекара маңы саудасының рəсімдеріне қатысты ақпараттық олқылығын жоюға мүмкіндік беретін озық шешім болып табылады. Бұл кəсіпкерлерді айтарлықтай ынталандырады жəне Қазақстанның халықаралық нарықтардағы бəсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қазіргі уақытта ХСО ЮНКТАД-пен əріптестікте əзірлеген осындай порталдар əлемнің шамамен 30 елінде табысты пайдаланылады жəне көршілес Тəжікстан мен Қырғызстанда қолжетімді. Портал ДСҰ-ның СРО жөніндегі келісімінде бекітілген сауда рəсімдерін оңайлату мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді.

Ready4Trade жобасы – Орталық Азияның бес елінде ішкі өңірлік және халықаралық сауданы дамытуды қолдауға бағытталған 4 жылдық бастама. Ол ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады және инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған өңірдегі тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал ететін жоба.