Коронавируспен күреске биыл 100 миллиард теңге жұмсалады

Жарияланды
Қаражат вакцина, науқастарды емдеуге мен медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақыға кетеді

Биыл коронавируспен күреске, оның ішінде вакцинация мен науқастарды емдеуге 100 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы 15 шілдеде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қаржы жеткілікті.

«COVID-19-бен күреске биыл 100 миллиард теңге жоспарланған: бұл вакцина сатып алу, науқастарды емдеу мен медицина қызметкерлері алатын үстамақыға кететін қаржы. Былтырғы салыстырғанда, 2021 жылы жұмсаған қаражатымыздан алты есе аз. Ауруханаларда науқастар азайған, 6 айдан соң екінші толқын басталайын деп тұр», деді ол.

Сонымен қатар, министр егер күз-қыс айларында жағдай өзгерсе, коронавируспен күреске арналған бюджетті қайта қарауға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Еске салайық, соңғы бірнеше күнде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Өткен тәулікте 1257 адам ауырған.

Сондай-ақ оқыңыз