Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Аrtsport» платформасына бөлінген қаржыны заңсыз иемдегенді деген күдікке ілінген басқама басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және ағымдағы жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып «Аrtsport» платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізуде» делінген хабарламада.
Департамент 10 миллион теңге шамасында «Аrtsport» ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқаны туралы жалған мәліметтерді пайдаланған 2 ф актіні тергеп жатыр. Спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген.
Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексерілуде.Сот санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды.