Банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 млн теңге жымқырған

Жарияланды

Зейнеткер бұл қаржыны 2018 жылы депозитке салған

Банк қызметкері 71 жастағы зейнеткердің депозитінен 6 млн теңге жымқырған. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz хабарлады.

Полицияға елорда тұрғыны депозитінен ақша жоғалып кеткенін айтып арызданған. Ол 2018 жылы депозитке ақша салып, оны ұзақ уақыт пайдаланбаған және арадан уақыт өте ол ақшасын алу үшін банкке келген. Алайда банкке келген кезде шотына жинаған қаржысының жоқ екенін білген.

Анықталғандай, банкир есепшотқа қол жеткізе отырып, зейнеткердің 6 млн теңгесін досының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. 23 жастағы жігітке қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыз