Зеленский тағы 28 шенеунікті жұмыстан шығармақшы
Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) кадрлық тексеруден өтіп жатыр, 28 шенеунікті жұмыстан шығару мәселесі шешілуде, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленский Telegram желісінде жарияланған видео үндеуінде. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.
Бұған дейін Зеленский СБУ басшысы Иван Бакановты қызметінен босатты.
«Әртүрлі деңгейлер [қызметкерлер], әртүрлі [жұмыс салалары]. Бірақ себептер ұқсас – жұмыстың қанағаттанарлықсыз нәтижесі», – деді ол.
СБУ басшысымен бірге Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктова да қызметінен айырылды. Шенеуніктің орнына оның орынбасары Алексей Симоненко келді.