Облыс бойынша 6 747 медицина қызметкері жұмыс атқаруда
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Өңірдегі кадр жетіспеушілігін жою мақсатында жылдар бойы бір қатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтатын болсақ, Атырау облысының жоғары медициналық оқу орындарының түлектерін білікті дәрігер ретінде білімін одан әрі резидентурада жалғастыруларына жағдай жасау мақсатында жыл сайын 70 тен астам грант бөліп келеді. 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысында Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық университетінің филиалы ашылып, басқа өңірлерден 35 резидент облысымыздағы медициналық ұйымдарда жұмыс жасауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кадр тапшылығы 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді», -деді Асхан Байдуәлиев.
Айта кетейік, бүгінгі күні облыс бойынша 6 747 медицина қызметкері, оның ішінде 1 515 дәрігер, 5 232 орта буын медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетуде.
Кадрге қажеттілік 201 дәрігерді (cоның ішінде анетезиолог – реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист, ЖТД, педиатр) құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде – 40.