БҰҰ-ның ресми өкілі Бисли әлемде жаппай ашаршылық қаупі төніп тұрғанын айтты
Дүниежүзілік қауымдастық қазіргі азық-түлік дағдарысын елемейтін болса, жаппай ашаршылыққа, саяси тұрақсыздыққа және бақыланбайтын миграцияға ұшырау қаупі бар, дейді БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.
«Біз қазір бұрын-соңды болмаған дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Егерде онымен тиімді күреспесек, біз жаппай ашаршылыққа, ондаған елдің тұрақсыздануына және жаппай миграцияға тап боламыз», – деді Бисли.
БҰҰ өкілі келесі жылы осыған байланысты ағымдағы жылдан «әлдеқайда нашар» болуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ ол алдағы 6-12 айда азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әлемдік қауымдастық қиындықтарға тап болатынын мойындады. Осыдан кейін мәселе шешілмесе, әлемді азық-түлік тапшылығы басып кетуі мүмкін.