Жаңалықтар

Өскеменде ЖШС-да есепші 13,5 млн теңгені жымқырған

Өскеменде ЖШС-да есепші 13,5 млн теңгені иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы ЖШС бірінің өкілінен өтініш келіп түсті. Әңгіме барысында полиция қызметкерлері 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кассадан жалпы сомасы 13 485 062 теңге ақша қаражатын заңсыз иемденгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің КПБ қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 50 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциялары мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.