Жаңалықтар

Талапкерлердің өтініштерін қабылдау мерзімі ұзартылды

Талапкерлердің көптеген сұраулары мен өтініштерін ескере отырып, білім беру гранттары конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 22 шілдесін қоса алғанда 2 күнге ұзартылды.

Бүгінгі таңда шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына құжат тапсырған. Өткен  2021 жылмен салыстырғанда 88 мың үміткер шекті деңгейден асқан болса, гранттық байқауға 77 мың адам қатысқан. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтілуде.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом) және жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.