Шымкенттік тұрғын «мүгедек» болып қайыр сұраған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Полиция қайыршылықпен айналысуды әдет еткен үш тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) хаттама толтырды.
Аталған құқық бұзушы үш ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Олар орталық базарда қайыршылық жасап жүрген. Бұдан алдын тәртіп сақшыларымен ескерту де берілген.
Сонымен қатар жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни, тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды.