Ұлттық демократиялық альянстың кандидаты Драупади Мурму жеңіске жетті
Үндістандағы президент сайлауында Ұлттық демократиялық альянстың кандидаты Драупади Мурму жеңіске жетті. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.
Ол штаттар мен аумақтардың парламенті мен жергілікті ассамблеялары мүшелерінің 64%, оның оппозициялық қарсыласы Яшвант Синха 36% дауыс жинады.
Мурму 25 шілдеде, қазіргі президент Рам Натх Ковиндтің мерзімі аяқталуға бір күн қалғанда ант береді. Үндістан парламенттік республика, сондықтан елдегі президент негізінен өкілдік функцияларды орындайды.
Оның өкілеттік мерзімі бес жыл және қатарынан екі мерзімнен аспайды.