Елімізде зейнетке кімдер ерте шыға алады?
2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетеді. Осылайша ерлер де, әйелдер де зейнетке тең жаста шығады. Бірақ елімізде кей топтағы адамдар зейнетке ерте жаста шыға алады. Kursiv.kz бүгін материалда соның жай-жапсарын түсіндіреді.
«Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы бойынша әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін, яғни 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға ұлғайту көзделген.
Зейнет жасы келесі жылдан бастап былай өзгереді:
- 2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас;
- 2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас;
- 2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас;
- 2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас;
- 2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.
Елімізде әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтеріліп келеді. Оған дейін 58 жасында зейнеткерлікке шығатын. Осы күнге дейін депуттаттар, белсенділер әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап келеді, бірақ ұсыныс қанағаттандырылмады.
Кімдер зейнетке ерте шыға алады?
1. Бес және одан да көп бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жастан зейнетке шыға алады.
Қосымша төмендегі құжаттар талап етіледі:
- балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
- балалардың неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбасынан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде);
- орта кәсіптік оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
- балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқитынын растайтын оқу орнының анықтамасы;
- балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болуы туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама);
- балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат.
- Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).
Одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда, балалардың туу туралы куәліктері (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеу фактісін растау үшін мына құжаттарды ұсыну қажет болады:
- Балалардың жеке басын куәландыратын құжат.
- Неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).
- Балалардың оқу орнында оқығаны туралы құжат.
- Балалардың қайтыс болуы туралы куәлік (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама).
- Әскери билет.
- Баланы (балаларды) асырап алу , тәрбиелеу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың жас баланы бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есептеу бойынша жеңілдіктер де сақталған.
2. Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер – 45 жастағы әйелдерге әсер етпейді.
Төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған адамға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған жағдайда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығында 5 жыл бойы төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжат қосымша ұсынылады.
3. 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт, бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт, әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңдері, бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі және басқалар сияқты жекелеген әлеуметтік маңызы бар кезеңдерді зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу көзделген.
Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.
4. Шотында жеткілікті сомасы бар болса, өмірін сақтандыратын компаниялармен зейнетақы аннуитеті туралы келісімшартқа отырған азаматтар да мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады.
Ер адамдар 55 жастан, ал әйелдер 52 жастан бастап өмірінің соңына дейін зейнетақы төлемдерін заң жүзінде алуына мүмкіндік беретін жалғыз қаржы құралы зейнетақы аннуитеті деп аталады. Бірақ зейнетақы аннуитетін сатып алғысы келетін адамның зейнетақы қорында жеткілікті ақшасы болуға тиіс деген шарты бар.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-да 5 млн 267 мың әйелдің зейнетақы жинағы бар. 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 393 әйелдің аннуитет сатып алуға, яғни сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға мүмкіндігі бар, оның ішінде мерзімі ұзартылған. Ай сайынғы төлем мөлшері сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартымен реттеледі.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болған жағдайда салымшы 45 жасқа толған кезде (жынысына қарамастан 45 жастан бастап) зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады.
Зейнетақы аннуитеті шарты салымшының жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы сақтандыру ұйымынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күннен бастап қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы мөлшерінде өмір бойы зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болған жағдайда ғана жасалады.
Жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан өмір бойы зейнетақы төлемдерін алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерлер үшін 55 жастан бастап, ал әйелдер үшін:
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жастан;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жастан;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жастан;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жастан;
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жастан;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жастан.
2022 жылы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және осы шарт бойынша өмір бойына зейнетақы төлемдерін алу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан кем емес мөлшерінде әйелдерге зейнетақы жинақтарының сомасы, мысалы, 45 жаста – 8 797 006 теңге, 52 жастағы әйелдер үшін – 9 400 498 теңге, 55 жастағы әйелдер үшін – 9 211 201 теңге болуы керек.
Айтпақшы, зиян және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін және жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қосымша ұстайтын салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және сақтандыру ұйымынан өмір бойы төлемдерді алу шарттары сәл өзгеше.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы, егер ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 60 ай ұсталған болса, жеткілікті зейнетақы жинақтары бар (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен – бар болса) ) 40 жасқа толғанда (жынысы қандай болса да, 40 жастан бастап) зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады. Бұл ретте жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты аясында жынысына қарамастан 50 жастан бастап сақтандыру ұйымынан өмір бойы зейнетақы төлемдерін алуға болады.