Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық өзгерістер болды. ҰҚК аумақтық органдарының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ҰҚК аумықтық органдарының басшылары тағайындалды:
- ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Сырымұлы УӘЛИНИЯЗОВ;
- ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Рустам Жиянұлы ЫБЫРАЕВ;
- ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Жанымханұлы ҚҰНДЫЗБАЕВ;
- ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Төлеуханұлы ҚОҚЫМБАЕВ;
- ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастығы Саламат Хамитұлы ҮКЕНОВ;
- ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Алмас Тілепбергенұлы НАЙМАНТАЕВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Серік Ғарипұлы РАХЫМОВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Бекдайырұлы ЖҰМАДІЛОВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Айдар Ақанұлы АЙЫМБЕТОВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Әділ Нұрсағатұлы ӘБЕСОВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Құнанбайұлы НАРБАЕВ;
- ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Санат Маратұлы ЖҰМАНОВ.