БАҚ:Мысыр Украинадан бидай сатып алу келісімшартын бұзды
Жарияланды
Reuters: Мысыр Украинадан 240 тонна бидай сатып алу туралы келісімдерден бас тартты
Египет 2021 жылдың желтоқсанында Украинадан сатып алынған 240 мың тонна бидай сатып алу келісімшартын бұзды, деп хабарлады Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Египеттің Тауарларды жеткізу жөніндегі бас басқармасы (GASC) Nibulon және Inerco жеткізуші компанияларын шарттық міндеттемелерден «босатқан».
Ведомствоның мәліметінше, Египет билігі өткен жылдың желтоқсан айында астықты тоннасын 346 доллардан 360 долларға дейін сатып алған. Украинадағы жағдайға байланысты резервте тұрған жүк жеткізілмеді.