Жаңалықтар

Назарбаев Қазақстанға оралды

ҚР Тұңғыш Президенті Түркияда демалды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасымен және достарымен Түркиядағы демалысынан оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы еңбек демалысынан кейін елге оралды. Демалысын ол жақын туыстарымен бірге өткізді. Анонимді дереккөздер тұңғыш президенттің шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездескені жайлы ақпарат таратуда, бұл шындыққа жанаспайды», – деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында.