Елімізде өткен тәулікте 3095 адамда індет анықталды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 28 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3095 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 344 360 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 918, Алматы қаласында – 694, Шымкент қаласында – 78, Ақмола облысында – 119, Ақтөбе облысында – 47, Алматы облысында – 101, Жетісу облысында – 129, Атырау облысында – 76, Шығыс Қазақстан облысында – 25, Абай облысында – 55, Жамбыл облысында – 121, Батыс Қазақстан облысында – 87, Қарағанды облысында – 327, Ұлытау облысында – 35, Қостанай облысында – 55, Қызылорда облысында – 63, Маңғыстау облысында – 36, Павлодар облысында – 67, Солтүстік Қазақстан облысында – 40, Түркістан облысында – 22.