Жаңалықтар

1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

400 мыңға жуық өтініш түсті

Қабылдау мерзімі 4 айға созылды. 400 мың өтініштің 80%-ы электронды форматта. 70%-ы мемлекеттік тілде оқуға құжат тапсырды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны: Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды ​​облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.

Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші: Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстары. Бұл – балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы.

Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі