Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 20 пайызға дерлік өсті

Жарияланды

Республикада инфляция 15 пайызға дейін өсті

Deposit Photos

2022 жылғы шілдеде (2021 жылғы шілдеге) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 14,2% құрады. Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 26,3%, жуу және тазалау заттарына – 23,5%, тұрмыс құралдарына – 22,6%, құрылыс материалдарына – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,1%, автомобильдерге– 15,2%, ыдысқа – 14,8%, тоқыма бұйымдарына – 11,5%, фармацевтикалық өнімдерге 9,7% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдеге) ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақ үй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,5% қымбаттады.

Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген. «Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген», – деп қосып өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен баға өзгерісі бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.

*2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1% құрады.

Сондай-ақ оқыңыз