Жаңалықтар

ЕО-қа ресейлік көмірді импорттауға тыйым 1 тамыздан бастап күшіне енді

ЕО жылына 4 миллиард еуро көлеміндегі көмір импортына тыйым салмақ

Еуроодақ (ЕО) елдеріне ресейлік көмірді жеткізуге толық тыйым дүйсенбі, 1 тамызда күшіне енеді. Бұл туралы iz.ru сайты хабарлады.

Еуропалық Комиссия (ЕК) салған санкциялар жеке, сауда, көлік және энергетикалық шектеулерге, соның ішінде көмір импортына эмбаргоға қатысты болды.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен Еуропалық Одақ Ресейден жылына 4 миллиард еуро көлеміндегі көмір импортына тыйым салатынын айтты. Көмір эмбаргосы 2022 жылдың тамызынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін ЕО-қа көмір импортының жылдық көлемі 8 миллиард еуроны құраған.