Жаңалықтар

Алматының үздік кәсіпкерлері анықталды

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

Алматыда 29-31 шілде күндері өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берген.

Осы үш күн ішінде қала қонақтары көрмені тамашалап, жергілікті тауарлармен танысты. Өз кезегінде өндірушілер көрменің тегін алаңында өнімдерін қойды, іскерлік байланыстарын кеңейтті, ынтымақтастық туралы уағдаласып, келісімшарттар жасады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы сияқты алаңдар даму, жетілу, танылу үшін жақсы мүмкіндік береді. Байқауға қатыса отырып, компания ілгерілеудің жаңа кезеңіне шығады, байқау талаптарына қарай сапа стандарттарына сәйкестігін растайды, өз өнімін отандық тауар өндірушілердің үлкен көрмесінде ұсынуға мүмкіндік алады. Көрмеге қойылған тауарлар көз жауын алады. Осы тауарларды барлығы Алматыда шығарылады деп ауыз толтырып айтуға болады. Барша қатысқан компанияға алғыс білдіргім келеді, жеңімпаздарға сәттілік тілеймін», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Алматылық компаниялар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша бақ сынады. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясының жеңімпаздары:

«Семирамида тігін фабрикасы» ЖШС. Компания 1997 жылдан бері қазақстандық киім өндіруші болып қызмет етеді. Шеберлер тобы өз дизайн орталығының көмегімен клиенттердің құбылмалы талаптарына тез жауап беру қабілетін өз артықшылығы деп санайды.

Дәрілік, дезинфекциялық, антисептикалық құралдар, тұрмыстық химия, клинингке, ауыл шаруашылығы мен құс шаруашылығына арналған кәсіби химия заттарын өндіретін «Microhim» ЖШС. Өндіруші халықтың денсаулығына қамқорлық жасай отырып, тек экологиялық таза және қауіпсіз материалдарды пайдаланады.

«CRS» ЖШС. Aura of Kazakhstan тұңғыш қазақстандық парфюмерлік бренді туған жерге, оның табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншіліктен туған. Тау мен даланың, ірі мегаполистер мен тарихи нысандардың иістері – Қазақстанның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа берілетін қолданбалы өнер бұйымдары, әуендері, күйлері немесе дәстүрлері сияқты мәдени мұрасы.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпаздары:

«ОБИС» ЖШС. Алкогольсіз сусындар өндіретін Алматы компаниясының тарихы 1995 жылдың сәуірінен басталды. «Серебреная» брендімен күміс иондарымен байытылған су тереңдігі 230 метрден асатын жеке артезиан ұңғымасынан алынады. Сондай-ақ, ЖШС құрамында шырыны бар сусындар, табиғи шырындар, квас және балалар тағамы үшін шырындар шығарады.

«Ұлт дәмі» брендімен шығарылған ұлттық өнім өндіруші «Р.Б. Молдасанова». «Молдасанова Р.Б.» ЖК өз қызметін 2006 жылы бастады. Бүгінгі таңда фирма ұлттық тәттілерді шығарады: «Ұлт дәмі» брендімен шоколад қосылған жент, құрт, талқан, сондай-ақ ұлттық асахана мейрамханасын жүргізіп, кейтеринг қызметтерін көрсетеді. Ассортиментте 200-ден астам атау бар.

«Куликовский Қазақстан» ЖШС Қазақстан нарығында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания табиғи өнімдерден торттар, пирожныйлар және тәттілер жасайды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының жеңімпаздары:

«Ақнұр Кабель» ЖШС. 2007 жылдан бастап зауыт кабель өнімдерін шығара бастады. Қазіргі уақытта «Ақнұр Кабель» кабельдің 1000-нан астам түрін өндіреді. Қазақстан Республикасының аумағында кабель өндіретін жетекші зауыттардың бірі. Кәсіпорынның мақсаты ҚР стандарттарына сәйкес келетін және еуропалық баламалардан кем түспейтін жоғары сапалы кабельді өндіру және сату.

«KazTigerTap» ЖШС. «KazTigerTape» компаниясы – қаптама материалдарының ірі өндірушілерінің бірі. Алматыда өндіріс 2010 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылды. Фирма стрейч пленка үшін қолмен және автоматты тарту, буып-түю скотчтың (өзі жабысатын үлбір), (жабысқақ үлбір) барлық түрлерін шығарады.

«Med365» ЖШС. Компания медициналық тексерулердің автоматтандырылған жүйесін шығарады. Командада бизнесте, денсаулық сақтауда және қауіпсіздік мәселелерінде табысты қолданылатын жасанды интеллект әзірлемелерімен айналысатын инженер-әзірлеушілер жұмыс істейді. Көрмеде ұсынылған Аппарат 1 минут ішінде медициналық экспресс-тексеруді жүзеге асырады: Face ID бойынша тану; алкогольге мас болу тесті; дене температурасын өлшеу; тамыр соғу жиілігін өлшеу; АҚ өлшеу.

Сондай-ақ, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің дипломанттары анықталды: Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар «Асфальтобетон 1» ЖШС-на берілді. Халыққа арналған үздік тауарлар – «HOMMES» ЖШС берілді. Үздік азық-түлік тауарлары номинациясын ЖК «Султанова А. И.» Дана Есееваның оқу орталығы алды.

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары елордада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Байқау дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасы және дипломдарымен марапатталады, сондай-ақ байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.