Еуро-2022: Жеңісі үшін ағылшын ойыншылары небәрі 65,5 мың еуро алды

Жарияланды

Роналду бір күнде шамамен осындай қаражат алады

Англия құрамасының футболшылары өткен жексенбіде аяқталған әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткені үшін 65,5 мың еуро алды. Бұл туралы Daily Star хабарлайды.

Футбол стандарттары бойынша бұл өте қарапайым төлем. Мысалы, «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду бір күнде шамамен осындай соманы алса, 37 жастағы португалиялықтың апталық табысы 458 мың еуроны құрайды.

Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған Англия ерлер құрамасының ойыншылары турнирдің финалына шыққаны үшін 300 мың еуро алды. Еске салайық, Уэмблиде өткен әйелдер арасындағы Еуро-2022 финалында Англия құрамасы Германияны 2:1 есебімен ұтып, тарихта тұңғыш рет құрлық біріншілігін жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз