Таразда «қант алып беремін» деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Жарияланды

Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асады

Таразда қант алып беремін деп тұрғындарды 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz .

29 шілдеде Тараз қалалық 2-полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғынынан бейтаныс азаматшаның арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткені туралы арыз түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз