Алматылықтарды 35 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 33 жастағы Я.есімді азаматша ұсталды.
«Күдіктіге қатысты тергеу соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Әйел азық-түлікті нарықтағы бағадан төмен бағада қамтамасыз етемін деген желеумен ірі көлемде қаражат алғаны белігі болды. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асады», – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Қазіргі уақытта аталған азаматшаның қала аумағында жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.