Жаңалықтар

Таразда «жалған қорғаушы» тұрғындарды сан соқтарды

Алаяқ қылмыстық іске көмек көрсету үшін қомақты қаржы жымқырған

Таразда қылмыстық іске көмектесемін деген жалған қорғаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Тараз қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бейтаныс ер азаматқа алданып қалғанын айтты.

Азаматшаның айтуынша, ол танысына қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкілі есебінде қорғаушы жалдайды. Соттың өндірісіндегі іске көмек көрсету үшін оған сұрауы бойынша 500 мың теңге ақша береді. Бірнеше күн аралығында істің мән-жайын толық анықтап, мәселені шешу үшін тағы 100 мың теңге жіберуін сұрайды.

Өзін қорғаушымын деп таныстырған азамат қомақты қаражатты алған соң байланысқа шықпай, оның алдап кеткендігі белгілі болады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Тараз қалалық Полиция басқармасының тергеу тобымен облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.