Олар үйлеріне қайтты
Алматыда құлдықта жүрген Өзбекстанның он азаматы табылды. Толық ақпаратпен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты ИА «Дунё» ақпараттық агенттігі бөлісті. Өзбекстандықтар оңтүстік астанада орналасқан өз елдерінің Бас консулдығына жүгінген.
Олардың айтуынша, бір топ жергілікті тұрғындар з қорқытып, оларды үйінде ұстап, жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алған.
Консулдық қызметкерлері өзбек азаматтары орналасқан жерге барды, олар процеске құқық қорғау қызметкерлерін тартты. Өзбекстан азаматтары Бостандық ауданының полиция бөліміне жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы (озбырлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Родник» қоғамдық қорының көмегімен Өзбекстан азаматтары жатақханаға орналастырылды. Оларға құжаттары, жеке заттары мен ұялы телефондары қайтарылды. Кейін зардап шеккендер Алматы-Ташкент бағытымен туған жеріне аттанған.