Үндістанда күріш қымбаттады
Жарияланды
Үндістан күріш өндіру бойынша әлемде екінші орында тұр
Биыл Үндістанда құрғақшылыққа байланысты күріш алқаптарының аумағы 13 процентке қысқарды. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Соған байланысты кейбір өңірлерде бұл өнімнің бағасы 10 пайызға дейін қымбаттаған.
Үндістан күріш өндіру бойынша әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Енді алдағы уақытта оны экспорттауға шектеу қойылуы мүмкін.
Бұған дейін билік бидай мен қантты да елден шығаруға тыйым салған еді. Ол кезде де мұндай шешім қабылдауға құрғақшылық себеп болған.
Қазір мемлекет күріштің бір тоннасын 365 долларға экспорттап жатыр. Сарапшылар күзде баға 400 долларға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.