ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейс кешіктірілген жағдайда әуе тасымалдаушыларына ережелерді сақтамағаны үшін айыппұл салуды жалғастырып жатқанын хабарлайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хабарламасында айтылған.
4 тамызда «Эйр Астана» компаниялар тобына 2022 жылдың 16 шілдесінде «Эйр Астана» әуе компаниясының құрамына кіретін Алматы – Атырау бағыты бойынша КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіккені үшін тағы да 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) айыппұл салынды. Жолаушылар жөнелтуді күту кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтерді, атап айтқанда, қонақүйде орналастыру қызметтерімен қамтамасыз етілмеген.
Азаматтық авиация комитеті бұл рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзуға байланысты компаниялар тобына салынған төртінші айыппұл екенін атап өтті. Айыппұлдың жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астамды құрады.