Елімізде өткен тәулікте 2579 адамда індет анықталды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 4 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімеді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2579 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 362 647 жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 733, Алматы қаласында – 430, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 104, Ақтөбе облысында – 52, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 100, Атырау облысында – 46, Шығыс Қазақстан облысында – 21, Абай облысында – 38, Жамбыл облысында – 53, Батыс Қазақстан облысында – 112, Қарағанды облысында – 375, Ұлытау облысында – 80, Қостанай облысында – 93, Қызылорда облысында – 42, Маңғыстау облысында – 52, Павлодар облысында – 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 58, Түркістан облысында – 16.