Интернет-алаяқтар қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірген
Интернет-алаяқтар қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірді. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Мұндай қылмыстардың саны артып келеді. Биылғы жылдың басынан бері елімізде 12 мыңға жуық факті тіркелді.
Ішкі істер министрлігінде атап өткендей, алаяқтар көбінесе республикадан тыс жерде орналасқандықтан, оларды табу оңай емес. Шетелдік әріптестеріне сұрау жіберу кезінде полиция қызметкерлері бюрократияға тап болады. Бұл олардың қылмысты жылдам ашуына кедергі жасайды.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, бұған қазақстандықтардың өздері сыбайлас болып отыр. Олар алаяқтардың өтініші бойынша қолма-қол ақшаны шығарып, аударады.
Енді Қазақстанда SMS арқылы азаматтарға интернет-алаяқтың құрбаны болмау жолдары жүйелі түрде ескертілетін болады.