Теміржолшылардың жұмысшы мамандықтарының жалақысы бір жарым жылда үш есе өсті

Жарияланды
Бұл бағытқа 70 млрд.теңге бөлінді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, қызметкерлерінің саны 113 мың адамнан асатын Қазақстанның ірі ұлттық компаниясы бола отырып, қызметкерлердің әл-ауқаты мен табысын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз-қызметі хабарлады.

Қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып, жалақы деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

2021 жылы Компания қызметкерлердің жалақысын екі рет (1 қаңтарда және 1 шілдеде) 10%-дан арттырды. Бұл мақсаттарға 63 млрд.теңгеден астам қаражат бағытталды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап разрядтар тобына байланысты еңбек ақыны дифференциалды түрде ұлғайту жүргізілді. Еңбек ақыны арттыру кезінде басымдық өндірістік персоналға жасалды – бұл шамамен 100 мың адам. Жұмысшы мамандықтарының еңбек ақысы 25-тен 41%-ға дейін өсті. Бұл бағытқа 70 млрд.теңге бөлінді.

Осылайша, 1,5 жыл ішінде негізгі өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. 2013 жылдан бері мұндай өсім болған жоқ.

Компания еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Сондай-ақ оқыңыз