Америкалықтардың 40%-ға жуығы Байден мен Трамптың екінші мерзімге қайта сайланғанын қаламайды
Көптеген американдық сайлаушылар Yahoo News-YouGov сауалнамасына сәйкес, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден немесе АҚШ-тың бұрынғы көшбасшысы Дональд Трамптың екінші мерзімге қайта сайланғанын қаламайды. Бұл туралы interfax.ru сайты мәлімдеді.
Оның айтуынша, респонденттердің 37%-ы Трамптың 2024 жылы қайта сайлануын ел үшін «ең нашар» нұсқа деп санаса, 35%-ы Байденге қатысты солай деп бағалаған.
Трамптың қайта сайлануына қарсылық білдіргендердің арасында демократтардың 85% және республикашылдардың 25% екені нақтыланды. Байденнің екінші президенттік мерзіміне қарсы – демократтардың 43% және республикашылардың 84%.
Бұл ретте респонденттердің 39%-ы Трампты, 41%-ы Байденді қолдайтынын білдірді.
28 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізілген сауалнамаға 1557 ересек американдық қатысты.