Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

Жарияланды

Ченнайда (Үндістан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Құрама тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін үшінші орынға шыққан. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар.

Ерлер құрамасы Сербиядан жеңілді – 1:3. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші және турнирдегі үшінші жеңілісі.

Кездесу алдында қазақ шахматшылары 12-орында болды. Қазір олар 25-орынға түсіп қалды.

8 тамызда Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиада қожайындары – турнирлік кестеде екінші орында тұрған Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орында тұрған Хорватиямен ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз