Куба халықаралық көмек сұрауды

Жарияланды
Кубалықтар бірнеше күннен бері мұнай сақтайтын қоймадағы өртке төтеп бере алмай жатыр

Кубалықтар бірнеше күннен бері мұнай сақтайтын қоймадағы өртке төтеп бере алмай жатыр. Бқл туралы «Хабар24» сайты хабарлады.

Шикі мұнай сақтайтын цистернаға найзағай түсіп, соның салдарынан жарылыс болды. Жалын екі контейнерді шарпыған. Контейнерде 70 миллион литрге жуық жанармай болған.

Куба үкіметі жалынмен күресу үшін Мексика мен Венесуэладан көмек сұрады. Бүгінге дейін бір өлім, 121 адам жарақат алғаны белгілі. 17 өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Еске салайық, Куба халқы аптап ыстықтан күнделікті электр қуатының үзілуінен зардап шегеді. Жанар-жағармай тапшылығы да бар. Мұнай қоймасының жарылуы елдегі жағдайды ушықтыруы мүмкін.

«Бұл жанармай базасындағы ең үлкен өрт. Кубада оны сөндіру үшін барлық қажетті құралдар мен технологиялар жоқ. Осы қиын жағдайда дер кезінде материалдық көмек көрсеткен Мексика мен Венесуэла үкіметтеріне үлкен алғысымызды білдіреміз»,-деді Куба президенті Мигель Диас-Канель.

Сондай-ақ оқыңыз