Жаңалықтар

Павлодар облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолы кесілді

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментімен бензин мен дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сату, сатып алу, сақтау фактілері анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатылған.

Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан.

Сот Шұғатаев Жанайдар Серікұлын ақшалай қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг Сергей Геннадьевичті 4 жыл 6 айға, Шамиев Ержан Хайроллаұлын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.