Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қысқа мерзімді еңбек демалысы аяқталды. Президент бір апта демалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдайды.
Еске салайық, мемлекет басшысы 2 тамызда демалысқа кеткен болатын.