Жаңалықтар

Алматы облысында қатты дауылда сарбаз қаза тапты

Сарбаздың басын металл қаңқа жаралады

Ұлтық ұланның баспасөз қызметінен хабарланғандай, Алматыда жедел мақсаттағы бірінші батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында далалық шығуда болған. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz Telegram арнасы хабарлады.

«9 тамызда сағат 20:55 шамасында қатты дауыл басталып, желдің күші шатырларды қирата бастады. Әскери қызметкерлер эвакуациялана бастады. Басқаларға шатырлы қалашықтан шығуға көмектесіп жүрген 19 жастағы қатардағы жауынгер А.Н.Шахимовтың өзі шатырдан соңғы болып шыққан. Сол сәтте металл қаңқа оның басын жаралады. Алғашқы көмек көрсетілгеніне қарамастан, сарбаз Қонаев қаласының ауруханасында қайтыс болды», – деп жазылған ақпаратта.

Қатардағы жауынгер А.Н. Шахимов 2003 жылы туған. Әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған.

Аталған факті бойынша себептері мен мән-жайлары анықталуда, қызметтік тергеу жүргізілуде.