Жаңалықтар

Қазақстанда жалақы өсті

Ең үлкен өсім құрылыс саласында тіркелді

Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы ІI тоқсанда 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 24%-ды, нақты мәнде – 8,9%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 196 728 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалады. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 35,5%-ға, көлік пен қоймалау – 34,8%-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 28,3%-ға салаларында байқалады, баяу қарқын денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 12,1%-ға және көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 3,9%-ға  байқалды.

Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Қызылорда облысында тіркелді – 31,3%-ға. Ең төмен өсім Нұр-Сұлтан қаласында – 14,2%-ға байқалды, бұл ретте нақты мәнде (бағаның өсуін ескере отырып) 0,1 пайыздық тармаққа төмендеу байқалды.