Қағаз акциздік маркалардың күшін жоюға байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдері тек сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатыны белгілі.Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-бабына «акциздік маркалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер 2022 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен міндетті таңбалауға жататын темекі өнімдері түрлерінің нақты тізбесі (сигареттер, сигариллалар, сигаралар, стиктер, кальян темекісі және т.б.) бекітілді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, темекі өнімдерінің айналымы сәйкестендіру құралдары болған кезде ғана мүмкін болады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде енді темекі өнімдерінің барлық түрлерінде цифрлық таңбалаудың (сәйкестендіру құралдарының) болмағаны үшін мемлекеттік кірістер органдары темекі өнімдерін тәркілей отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Жыл басынан бастап (2022 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша) Қазақстан Республикасының аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылмақшы болған темекі өнімдерінің 22,5 млн. қорабы анықталып, тәркіленген.
Анықтама үшін: 283-бап. Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Толысылған шарап, сыра қайнату өнімін, есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен және сәйкестендіру құралдарымен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы, –