Елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 34,3 % кеміді
Тұрғын үйді сату-сатып алу нарығындағы көрсеткіш төмендеп барады. 2022 жылғы шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша мәмілелер саны 30 393 құрады, бұл өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 34,3% кем, теріс көрсеткіш барлық өңірлерде тіркелген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылдың маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 2% кеміді. Өңірлер бөлінісінде мәмілелер көп жасалған қалалар – Алматы мен Нұр-Сұлтан, тиісінше 4 915 және 4 391 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы – 619.
Өткен аймен салыстырғанда мәмілелер санының төмендеуі бірқатар өңірде байқалды, ең көп төмендеу Павлодар (-19,2%), Алматы (-17,0%), және Атырау (-7,4%) облыстарында. Маусым айына қарағанда өсім тек 4 өңірде тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы (14%), Алматы қаласы (11,5%), Батыс Қазақстан (7,5%) және Ақтөбе облыстары (4,4%).
Мәмілелердің 72% көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалды, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 28% құрады. 2 бөлмелі пәтерлер сол қалпы сұранысқа ие, шілдеде олардың 8,4 мыңы тіркелген. Ол бойынша келісімшарттар көбіне Алматы қ. (1570), Нұр-Сұлтан қ. (1486) және в Қарағанды облысында (1304) жасалған. Жеке үйлер бойынша 2022 жылдың маусым айымен салыстырғанда өсім тек Нұр-Сұлтан қ. (+9,2%), Ақтөбе (+11,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (+13,8%) байқаллды.