Жаңалықтар

ШҚО-да қарттар үйінің қызметкерлері 7,4 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Ақша атқарылған жұмыс актілерінде анық емес мәліметтерге байланысты бөлінген

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Зеваки арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бюджет қаражатының ұрлануы шатырды күрделі жөндеу кезінде орын алған.

Qamqor жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалары 2019 жылдың қараша айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін атқарылған жұмыс актілеріне жалған мәліметтер енгізгені анықталды. Соның салдарынан 7,4 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.