Америкалықтар Тайваньға тағы келді

Жарияланды
АҚШ Конгресінің бес мүшесі аралға екі күндік сапармен келді

Сенатор Эд Марки бастаған АҚШ конгресінің бес мүшесі Тайваньға екі күндік сапармен келді, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл сапар Үнді-Тынық мұхиты аймағына сапар аясында жасалғаны және алдын ала хабарланбағаны атап өтілді.

Делегация құрамында конгрессмендер Джон Гараменди, Алан Лоуэнталь, Дон Байер және Амата Радеваген болды.

Конгрессмендер мәлімдемеде Тайбэй әкімшілігінің өкілдерімен «АҚШ-Тайвань қарым-қатынастары, аймақтық қауіпсіздік, сауда және инвестиция, жаһандық жеткізу тізбегі, климаттың өзгеруі және басқа да маңызды мәселелерді» талқылайтындарын айтты.

Тайвань бұғазы аймағындағы шиеленіс АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайбэйге сапарынан кейін күрт артты.

Еске салайық, Пелоси Тайваньға 2 тамыз күні кешке келген.

Сондай-ақ оқыңыз