Инвестиция

Шайға қант қоспайтын Бақыт Сұлтанов қызметінен босады

Сауда және интеграция министрі қызметін уақытша Серік Жұмағарин атқарады

Бақыт Сұлтанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды» ресми хабарламада.

Шілде айында мемлекет басшысы елдегі қант бағасының күрт көтерілуін үкіметтің жіберген қатесі деп, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған еді.