Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген ресейліктердің саны қанша?
2022 жылдың 7 айында Ресей Федерациясы азаматтарынан Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш былтырмен салыстырғанда екі есе көп түскен. Айталық, 2020 жылы 2 610 өтініш түссе, 2021 жылы Қазақстанда тұрақты тұрғысы келетіндердің саны 2 853 болған. Ал биыл мамандандырылған департамент ресейліктерден 4 566 өтініш қабылдаған. ІІМ «Курсивтің» ресми сауалына берген жауабында осындай дерек келтіреді.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО елдерінің азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күнге дейін, ал тіркеумен 90 күн жүре алады. Елге келген алғашқы үш күнде тіркелу керек. 90 күн өткен соң, шетелдік азамат елден шығуы керек. Болмаса уақытша тұруға не тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарын тапсыруы тиіс.
Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген Ресей Федерациясының азаматтары көбінесе Қарағанды облысын (9 877 адам), Алматыны (7 684), Шығыс Қазақстан облысын (7 415), Қостанай облысын (5 456) және Солтүстік Қазақстан облысын (4 734) таңдайды екен. 2022 жылы Ресейге тұрақты тұруға 11 037 қазақстандық көшіп кеткен.
Осы кезеңде Қазақстанға 2 134 598 шетелдік азамат жұмыс бабымен, білім алу, емделу немесе туризм мақсатында келсе, 2 529 424 шетелдік елден шыққан.
Шетелдік азаматтар Қазақстанда жұмысқа орналасу, есептік шотты тіркеу, мүлікті ресімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу және т. б. үшін ЖСН алуы қажет. Көбіне Өзбекстан заматтары жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға өтініш береді: мысалы, 2022 жылы берілген 198 806 ЖСН-ға 91 454 өтінім – өзбектерден, 74 371 – ресейлік орыстардан, 7 896 – Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 – қырғыздардан, 1 520-сы украиндардан келіп түскен.
ҚР ІІМ Еуропа мен АҚШ-тың бүкіл еліндер дердік осындай механизм бар екенін атап өтті.
«Бұл стандартты процесс, ол арқылы бүкіл әлемдегі барлық шетелдіктер өтеді: мысалы, ЖСН алу тәжірибесі 2007 жылдан бері Германияда қолданылып келеді, бұл 11 саннан тұратын бірыңғай жеке салық нөмірі. Оны Persönliche Identifikationsnummer, Identifikationsnummer немесе қысқаша Steuer-ID деп атайды. Нөмір жұмысқа орналасу, түрлі жәрдемақыны рәсімдеу, салық ақпаратын беру, банктік шоттарды, банк карталарын ресімдеу және басқа да көптеген жағдайларда қажет», – деді департамент мамандары.
Тамыз айында Қазақстан азаматтары биыл ТМД елдеріне көшкені туралы хабарланған еді. Ел ішінде қоныс аударушылар саны 1,4% – ға азайды. Халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің үш өңірінде: Алматы (17 691 адам), Нұр-сұлтан (15 753) және Шымкент (1 883) өңірлерінде қалыптасты.
Ресейліктер Қазақстанда сәуір айынан ағыла бастаған. Бұл туралы брифингте ІІМ вице-министрі Марат Қожаев айтты. Оның айтуынша, елге келген шетелдіктердің саны бойынша бірінші орында өзбектер, екінші орында Ресей Федерациясының азаматтары болған. Ол кезде Украинадан Қазақстанға 3,4 мың украин келген.