Жаңалықтар

Дамушы нарық валюталары оң динамика көрсетті

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 12 тамызда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,4%-ға (477,98 теңгеден) нығайып, 1 АҚШ доллары үшін 476,01 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Олардың ішінде негізгісі – шілденің қорытындысы бойынша жылдық мәнде 8,5%-ды (бір ай бұрын 9,1%) құраған АҚШ-тағы инфляцияға қатысты деректердің шығуы. Талдаушылардың болжамынан төмен болған тұтынушылық инфляцияның баяулауы инвесторлардың көңіл-күйін монетарлық саясатты жеңілдету жағына қарай АҚШ ФРЖ риторикасын өзгертуге ауыстырды.

Дамушы нарықтардағы валюталар бағамының АҚШ долларына қатысты динамикасы төмендегідей қалыптасты:   

  • Оңтүстік Африка ранды шетел капиталының көп мөлшерде әкелінуі және АҚШ-тағы мөлшерлемелердің арту тәуекелдерінің төмендеуі аясында 3,6%-ға (16,78-ден 16,17-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы есептік мөлшерлемені 8,5% рекордтық деңгейге дейін 75 базистік тармаққа көтеру және жаһандық тәуекел-сентименттің жақсаруы аясында 2,7%-ға (20,4-тен 19,85-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы АҚШ долларының DXY индексінің төмендеуі аясында 1,7%-ға (5,17-ден
    5,08-ге дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы пальма майы экспортының өсуі, сауда балансының профициті және ОБ пайыздық мөлшерлемелерінің көтерілу перспективасы аясында 1,5%-ға (14894-тен 14668-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі 60,58-ден 60,61-ге дейін аздап әлсіреді;
  • түрік лирасы жылдық инфляцияның рекордтық деңгейі аясында 0,2%-ға (17,92-ден 17,95-ке дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы елдегі шетел валютасына сұраныстың өсуі және шикі мұнайға жоғары бағалардың орын алуы аясында 0,5%-ға (79,24-тен 79,65-ке дейін) әлсіреді.